Талап 9 қаңтардан бастап енгізіледі.
«Вакцинаның екінші компоненті елге кірерден кемінде 14 күн бұрын алынуы керек. Сонымен қатар жолаушылардың 5%-ы келген бойда ПТР тестін тапсырады», — делінген хабарламада.
Компанияда вакцинациясы жоқ жолаушыларда дәрігерден негіздеме хат немесе соңғы 180 күннің ішінде алынған коронавирустан айығуды растайтын анықтама болуы керек.
«Коронавирусты жұқтырған жағдайда елге оралуына жол бермейтін елдерден келетін жолаушыларда Таиландта болған кезеңге және 7 күнге коронавирусты емдейтін медициналық сақтандыру болуы керек», — деп түсіндірді авиакомпанияның баспасөз қызметі.
Жұмыс бойынша сапар шеккендер, оның ішінде экипаж мүшелері де осы талапты қанағаттандыру үшін қабылдаушы тарапқа хат ұсына алады. Бұл талаптар транзитпен жүретін жолаушыларға қолданылмайды олар соңғы елдің талаптарын сақтауы керек.
Таиланд азаматтары вакцинация туралы сертификатты көрсетпеуге құқылы. ДДҰ мен Таиландтың қоғамдық денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған вакциналардың тізімін авиакомпанияның веб-сайтынан табуға болады.