Алматы облысы Балқаш ауданы Балатопар ауылының тұрғындары судың зарын айтып шеруге шықты. Ашынған жұрт Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жазған.
«Балатопар ауылында 2018 жылдан бері су жоқ, мәселе әлі күнге дейін шешілмей келеді. Соңында 10 мың тұрғын сусыз отыр. Ауыз су да жоқ, мал мен егінді де суара алмай отырмыз», — дейді тұрғындар.
Жергілікті халық өзеннің латифундистердің жерін суару үшін пайдаланғандықтан тартылып қалғанын айтады. Олар жергілікті билік тиісті шара қолданатындықтары туралы уәде бергенмен, ешқандай нәтиже жоқ деп отыр.