«Суда жүзгенде барынша абай болу керек. Егер аяғыңыз көл астына жетпей тұрған болса, бойыңыз бойламай тұрса, жағадан алысқа бармағаныңыз жөн. Сіздің өміріңіздің қауіпсіздігіне өзіңізден басқа ешкім жауап бермейді», — дейді жаттықтырушы.
Жазғы демалыс маусымында адамдар суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамай жатады. Соның нәтижесінде көптеген оқыс оқиғалар орын алады.