Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Соңғы 66 жылда болмаған ыстық: Алматыда шілдеде температура рекорды жаңарды

Қазгидромет Алматыда 22 шілдеде ауа температурасы 39,3 градус ыстық тіркеліп, 1956 жылғы рекордты жаңартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

10.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Дәл осы күні Тараз метеостанциясында ауаның максималды температурасы +42 градусты құрап, 1987 жылғы осы күнгі рекордты (+39) жаңартты. Шымкентте ауаның жоғары температурасы +42,7С болса, соңғы рет сол күні ең жоғары ауа температурасы 2018 жылы (+40,5С) тіркелген.

Мысалы, 19 шілдеде Ақтау метеорологиялық станциясында (Маңғыстау облысы) температура рекордтары жаңартылды. Мұнда ауа температурасының ең жоғары +43,0С көрсеткіші тіркеліп, осылайша 2018 жылғы рекордты (+40,2С) жаңартты.

20 шілдеде Жезқазған (Ұлытау облысы) метеостанциясында ауаның жоғарғы температурасы +41,3С болды, соңғы рет сол күні абсолютті максимум 2012 жылы +40,0С болған.

21 шілдеде Қызылорда метеостанциясында рекордтық ауа температурасы +44,6С градусқа жетіп, 2018 жылғы рекордтан (+41,9С) асып түсті.

22 шілдеде еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде термометр бағаны +40+46С дейін жетті.

Температуралық рекордтардан бөлек, айдың басы мен аяғында республика аумағында айлық нормадан 2-4 есе асып түсетін қатты жаңбыр жауды.

Мысалы, 3 шілдеге қараған түні Чапаево метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) екі айдағы нормадан астам жауын-шашын жауды – 49 миллиметр (бір айдағы норма – 20 миллиметр), сол күні Қарабау метеостанциясында (Атырау облысы) айлық 14 миллиметр норма кезінде 21 миллиметр жауын-шашын жауды.

5 шілдеде Новоалексеевка метеостанциясында (Ақтөбе облысы) айлық 26 миллиметр нормада 38 миллиметр жауын-шашын жауды, сол күні Киевка метеостанциясында (Қарағанды облысы) 83 миллиметр (норма 49 миллиметр) жауын жауды.

Тегтер: рекорд

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz