Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекетке жер учаскелері қайтарылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Жер қатынастары саласындағы талдау жер учаскелерін конкурстан тыс заңсыз беруден, оларды ұзақ уақыт пайдаланбаудан, сондай-ақ олар үшін меншік құқығын сатып алуды төлемеуден көрінетін өрескел бұзушылықтарды анықтады.

Мысалы, Есіл, Уәлиханов, Шал ақын, Тимирязев аудандары мен Петропавл қаласының жер пайдаланушыларымен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабын (бұдан әрі — Кодекс) бұза отырып, 65 жер учаскесі жалпы ауданы 8,5 мың га ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.

Осыған қарамастан жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары бұл жерлерді алып қою үшін тиісті шаралар қолданбаған.

Басқа жағдайда, Айыртау ауданы әкімдігі мен Петропавл қаласы жер қатынастары бөлімдерінің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жасалған шарттар бойынша талаптарына қайшы, жер пайдаланушылардан бюджетке меншік және жалға алу құқығын сатып алу үшін сомасы 94 млн. теңге берешекті өндіріп алу шараларын қолданбаған.

Бұл ретте Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі Кодекс талаптарын бұза отырып, жеке және заңды тұлғаларға конкурстан тыс 6 жер телімін берген.

Қадағалау органының актілері бойынша 6 лауазымды тұлға, оның ішінде Петропавл қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мемлекетке сомасы 44 млн.теңгеге келтірілген залал өтелді, жалпы кадастрлық құны 180 млн. теңгеден асатын 20 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Тегтер: жайылым жер

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz