Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Смайылов ЭКСПО ғимараттары өзін ақтамай жатқанын айтты

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов ЭКСПО ғимараттары өзін толық ақтамай жатқанын айтты, - деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Сенат кулуарында төрағаға «Елордада салынған ЭКСПО ғимараттары өзін ақтап жатыр ма? Себебі, бұл ғимараттарды күтіп ұстау мен басқа шығындар бар» деген сұрақ қойылды.

Әлихан Смайылов тексеріс жүргізілетінін жеткізді.

«Қазір олардың табыстары ұлғайды. Бірақ (ЭКСПО ғимараттары – автор) толық өзін-өзі ақтап жатыр деп айта алмаймын», — деді төраға.

Айта кетейік, ЭКСПО халықаралық көрмесі 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйегі аралығында Астанада өткен еді. Көрменің тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Іс-шараға 100-ден аса мемлекет қатысқан.

ЭКСПО-ның құрылысы 2014 жылы басталды. Cондай-ақ ЭКСПО көрмесінен ірі көлемде қаражат ұрланғаны да анықталды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын 2,5 жыл басқарған Талғат Ермегияев қамауға алынды. Онымен бірге тағы 23 адам ұсталды. Жалпы көрмеге бөлінген 10,2 млрд теңге ұрланды.

Соттың үкімімен Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

БАҚ-тың мәліметінше, Қазақстан ЭКСПО көрмесін өткізуге 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттен 435 млрд теңге бөлді. 2014 жылдан бастап 2017 жылғы наурызға дейін 543,53 млрд теңге немесе 2 млрд бөлген.

Тегтер: астанаБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz