Мамандардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр күтіледі. 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында, 27–28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болжанып отыр.
Синоптиктердің айтуынша, республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен шығыс өңірлерде көктайғақ болуы ықтимал.
Алдағы күндері ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Атап айтқанда:
– батыс және солтүстік-батыста күндіз +15…+25 градусқа дейін;
– солтүстік және шығыста +10…+17 градусқа дейін;
– орталықта +13…+24 градусқа дейін;
– оңтүстікте +21…+30 градусқа дейін;
– оңтүстік-шығыста +18…+27 градусқа дейін;
– таулы аймақтарда +10…+15 градусқа дейін жылы болады.
Мамандар ауа райының құбылмалы болуына байланысты жолда абай болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.





