Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкентке олимпиадаға келіп, уланып қалған 14 оқушының жағдайы белгілі болды

Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова Шымкентте уланған балалардың жағдайы туралы ақпарат берді.

24.03.2023
Жаңалықтар

Еске сала кетейік, Шымкентке білім олимпиадасына қатысуға келген ондаған оқушы ауруханаға түсті.

Осыған байланысты вице-министр Шолпан Каринова, балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова, орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың барысын бақылау мақсатында Шымкент қаласына келді.

«Министрдің тікелей тапсырмасы бойынша олимпиадада орын алған мәселелерді анықтап, шаралар қабылдау туралы жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды. Штабтың құрамына Министрлік өкілдерінен басқа Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы, санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті, білім басқармасы өкілдері кірді. Шымкентке жетісімен олимпиадаға қатысушы оқушылармен кездесіп, жағдайын білдік. Команда жетекшілерімен кездестік, әңгімелестік. Республикалық олимпиадаға барлығы 891 оқушы қатысып, бақ сынап жатыр. Олимпиада ережеге және бекітілген жоспарға сәйкес өтіп жатыр», — деп жазды Шолпан Каринова Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, олимпиада барысында 14 қатысушының дене қызуы көтеріліп, ішек-асқазан сырқаты, сондай-ақ, бір оқушының денесі бөртіп, «желшешек» диагнозының белгілері байқалған.

Ұйымдастырушылар дер кезінде тиісті шұғыл шара қабылдаған.

Аталған оқушыларға шұғыл жедел жәрдем шақырылып, Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

«Балалардың хал-жағдайымен танысу үшін қала емханасының басшылығымен сөйлесіп отырмын. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы бірқалыпты, тиісті емін алып жатыр. Бұдан бөлек, ұйымдастыру комитеті тарапынан оқушыларға психологиялық көмек көрсетілді. Министрліктің басты міндеті — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Балалардың қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынып, мектеп оқушылары орналасқан жерлерде тиісті санитарлық шаралар ұйымдастырылды», — дейді вице-министр.

Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жағдайдың туындау себептерін анықтап жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасымен, санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаментімен келісе отырып, балалардың тамақтану орны қалалық мектеп-гимназия асханасына ауыстырылған.

Сонымен қатар, штаб отырысында әділқазылар алқасы мүшелерімен бірге ауырған мектеп оқушыларының олимпиадалық қорытындылары мәселесі қарастырылды.

«Әр бала бойынша әділ, объективті шешім қабылданады. Штаб мүшелерімен олимпиаданың қорытынды кезеңінің салтанатты жабылу рәсімін жұмыс тәртібіне ауыстыру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, жоғарыда орын алған жағдайға байланысты Шымкент қаласында 3-8 сәуір аралығына жоспарланған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиаданың өткізу форматы өзгеріп, өңірлерде өткізіледі. Бұл жағдай Оқу-ағарту министрінің жеке бақылауында. Мен министрдің тапсырмасымен олимпиада аяқталғанша Шымкент қаласында боламын», — дейді Шолпан Каринова.

Тегтер: пәндік олимпиадаШымкент

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz