«Жергілікті атқару органдарының салғырттығынан мүмкіндігі шектеулі 141 бала білім алу құқығынан айырылды. Мемлекет мүгедектерді арнайы оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы тиіс», — делінген Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында.
Сонымен қатар, кәмелетке толмаған 13 бала арнайы есту аппаратынсыз қалса, 51 адамға тиісті санаторлық-курорттық емдеу көрсетілмеген.
Сондай-ақ, 101 мүгедек протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (компенсаторлық) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етiлмеген.
Қарасай ауданында ерекше көмекке мұқтаж 5 мыңнан астам азамат тұрады.
Осы азаматтардың құқықтарын қорғау үшін аудан прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижелері бойынша кінәлі мамандар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.