UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегі саналған Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммед арасындағы чемпиондық шайқас өтпейтін болды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Ақпаратты Шавкаттың командасы растады.
Жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 8 желтоқсан күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтуі тиіс еді. Алайда чемпион Белал Мухаммад (24-3-0-1) белгісіз себептерге байланысты кездесуден бас тартқан.