Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2024
Әлем, Жаңалықтар

Биыл ұйымға Қазақстан төрағалық етіп отыр. Маңызды жиынға Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Қатар, БАӘ, Түркия және Түрікменстанның мемлекет және Үкімет басшылары, БАӘ-ден Рас әл-Хайма әмірлігінің әмірі, Үндістанның сыртқы істер министрі әрі ШЫҰ бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының атқарушы директоры қатысып жатыр.

Сонымен қатар, саммитке БҰҰ бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары қатысып жатыр.

Сондай-ақ, биыл саммит алғаш рет ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтеді.

Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Астана декларациясы, 20 шешім, мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі, оның ішінде «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы», «ШЫҰ-ны жетілдіру туралы» бастамасы қабылданады.

Беларусьті ШЫҰ мүшелігіне қабылдау рәсімін аяқтау және ұйымға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы тарихи шешім қабылданады.

Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылды. Бүгінде ол көпсалалы және көпфункционалды ұйымға айналды.

Сондай-ақ, ШЫҰ аймағында әлем халқының жартысына жуығы тұрады және ұйымға мүше елдердің жиынтық ЖІӨ 24 триллион долларға жуықтайды.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Истребитель Су-30СМ потерпел крушение под Карагандой

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области обсудили стратегию цифровой трансформации и внедрение ИИ

Николай Иващенко
25.02.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встретился с сотрудниками индустриально-логистического центра «ДАМУ»

Николай Иващенко
25.02.2026

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz