Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шабан тойда 6 отбасылы баспаналы болды

Панфилов ауданының Белжайлауында малшылар қауымына арналған дәстүрлі мереке "Шабан той" мейрамында 6 отбасылы баспаналы болды, деп хабарлайды Alataunews.kz сайтының тілшісі.

24.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Жыл бойы адал еңбек етіп жүрген азаматтарды елдің шетінде, желдің өтінде қалдырмай әркез осылай қолдау көрсетуіміз қажет. Жайлауда мұндай мереке өтпегелі біраз уақыт болыпты. Сондықтан өздеріңізбен жүздесіп, пікір-кеңестеріңізді тыңдайық деп мерекелік шара өткіздік. Әрқашан еңбектеріңіз жемісті болсын», — деді аудан әкімі Марат Сағымбек.

Малшыларға баспаналы болуға көмектескен жеке шаруа қожалықтың басшылары, кәсіпкерлер малшылар қауымына бұдан басқа да ақшалай сертификаттар табыстады.

Сондай-ақ, малшы қауымның бірқатары «Ауыл еңбегі үшін» арнайы төсбелгісімен марапатталды. Енді біріне ер-тұрман, жәдігерлер сыйға тартылды.

Соның бірі 87 жастағы Тұрлыбай Шаукеев ата. Өмірінің 50 жылдан астамын осы Белжайлаудың төрінде өткізген малшы қария осы күніне шүкіршілік айтады.

«6 баламды осы малмен асырадым. Барлық бала-шағама баспана, көлік алып бердім. Малдың берекесі бар. Осы жайлау менің өмірім. Мұндай той жиі өткені дұрыс. Медаль алып жатырмын. Өте қуаныштымын. Мал шаруашылығы бабадан келе жатқан кәсіп. Жастар осы кәсіпке түгелдей бет бұрса деймін», — деді ақсақал.

Бүгінде ауданда 105 611 бас ірі қара, 379 458 қой-ешкі, 22 535 жылқы және 370 бас түйе бар.

 

1 of 4
- +
Тегтер: Жетісу облысыПанфилов

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

Николай Иващенко
08.04.2026

Осужденная общественная деятельница Перизат Кайрат отбывает срок и работает в колонии

Николай Иващенко
08.04.2026

Генеративное искусство: в Астане пройдет фестиваль AI-фильмов

Николай Иващенко
08.04.2026

Пожар в акимате Актюбинской области: пострадавших нет

Николай Иващенко
08.04.2026

Токаев приветствует достижение соглашения о перемирии на Ближнем Востоке

Николай Иващенко
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz