Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Серік Жұманғарин: Қазақстан экономикасы 2025 жылы 6,4 пайызға өсті

2025 жылғы 17 желтоқсанда өткен Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан экономикасының даму қарқыны туралы баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.12.2025
Жаңалықтар

Министрдің айтуынша, қаңтар–қараша айларының қорытындысы бойынша ел экономикасының өсімі 6,4 пайызды құраған. Нақты сектордағы өсім 8,3 пайызға жетіп, қызмет көрсету саласындағы көрсеткіштен (5,3 пайыз) жоғары болды.

«Экономикалық өсімнің негізгі драйверлері – көлік, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі. Сауда көлемі 8,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 6,1 пайызға, ал өңдеу өнеркәсібі 5,9 пайызға өсті», – деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, экономикалық өсімге инвестициялар да айтарлықтай әсер еткен. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,3 пайызға артып, 18,5 трлн теңгені құраған. Оның ішінде жеке инвестициялар 9,8 пайызға өскен.

Инвестициялардың ең жоғары өсімі болашақта сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ететін салаларда тіркелген. Атап айтқанда, қаржы қызметі саласында инвестициялар 82,8 пайызға, электр энергиясымен, газбен, бумен және ыстық сумен қамтамасыз ету саласында 57,9 пайызға, білім беру саласында 31,6 пайызға, ақпарат және байланыс саласында 24,5 пайызға, ауыл шаруашылығында 24,1 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 20,7 пайызға, көлік саласында 13,3 пайызға артты.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш, негізінен, машина жасау саласындағы өндірістің 11,6 пайызға артуы есебінен қамтамасыз етілген. Оның ішінде автомобиль жасау 15,2 пайызға, электр жабдықтарын өндіру 16,7 пайызға өскен. Сонымен қатар азық-түлік өнімдерін өндіру 8,7 пайызға, сусындар өндірісі 9,2 пайызға, химия өнеркәсібі 8,1 пайызға, мұнай өңдеу саласы 6,5 пайызға, металл бұйымдарын өндіру 12,8 пайызға, құрылыс материалдарын шығару 7,1 пайызға артқан.

Тау-кен өнеркәсібінде де жоғары өсім сақталған – 9,7 пайыз. Бұл мұнай өндіру көлемінің 14,1 пайызға, табиғи газ өндірудің 16,7 пайызға және көмір өндірудің 9,7 пайызға артуымен байланысты. Ал металл кендерін өндіру 0,6 пайызға қысқарған. Құрылыс саласында өсім қарқынының баяулауы байқалған.

Ауыл шаруашылығындағы өсім, министрдің айтуынша, негізінен өсімдік шаруашылығы көлемінің 7,6 пайызға артуы есебінен қамтамасыз етілген.

«Бұл қолайлы ауа райы жағдайларымен және дәнді әрі майлы дақылдардың жоғары өнімділігімен байланысты. Екінші жыл қатарынан дәнді дақылдардан рекордтық өнім алынып, шамамен 27 млн тонна жиналды. Сондай-ақ бұршақ дақылдарынан 1 млн тонна, майлы дақыл тұқымдарынан 4,7 млн тонна көлемінде рекордтық өнім алынды. Мақта жинау бойынша да жоғары көрсеткіштер күтілуде», – деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

Тегтер: қазақстанҚР Үкіметі

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz