Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке қайта оралып, Қарағанды облысының спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Оның кандидатурасын Туризм және спорт министрлігінің арнайы комиссиясы мақұлдады.
41 жастағы Серік Сәпиев – танымал экс-кәсіпқой боксшы. Ол 2017-2019 жылдары Мәжіліс депутаты қызметін атқарып, кейін екі жыл бойы Туризм және спорт министрлігінің спорт комитетін басқарды. Соңғы уақытта Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болды.
Комиссия сондай-ақ Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Азамат Имашевтың кандидатурасын мақұлдады.