Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты

Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты. Ол өзінің айыпты емес екенін жеткізді.

28.04.2023
Жаңалық

«Мен кінәлі емеспін. Халқыма оқ атпадым. Сот алдындағы процестерде жасаған әрекеттерімнің барлығы заңды екенін айтқанмын. Ешқандай азаптау болған жоқ. Жәбірленушілердің өздері оны жоққа шығарды», — деді Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.

Бүгін сағат 11:00-де өтуі тиіс сот отырысы бірнеше сағатқа кешігіп басталды. Серік Күдебаевты сот залына арнайы күзетпен жеткізді.

Түскі сағат 13:25-те сот отырысы басталды.

Процесс басталмас бұрын Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесін «елге өз еркімен келді» деген мәлімдеме жасаған болатын.

Айта кетейік, Серік Күдебаевқа билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және азаптауға қатысы бар деген айып тағылған.

Соттың тәртібін бұзып, шекараны заңсыз өтіп, елден қашып кеткені үшін Серік Күдебаевтың қанша жыл жаза арқалайтынын сот шешеді.

Еске сала кетейік, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Алайда, күдіктінің ел аумағынан тысқары бой тасалағанын шекара қызметі наурыздың 27-і күні бір-ақ білген.

Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қашып кету фактісіне орай қылмыстық іс қозғады.

Ал 27 сәуір күні Күдебаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты Бас прокуратура растады.

Айта кетейік, Талдықорғандағы Жетісу облыстық сотында Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы 5 қаңтарда басталған.

Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. Сол лауазымын атқару кезінде Қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған.

Сот талқылауы барысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Тегтер: Серік КүдебаевСотүкім

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz