Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сенаторлар Қазақстанға педофилдер мен террористердің кіруіне тыйым салатын заңды Мәжіліске қайтарды

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Парламентінің Мәжілісі қабылдаған "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Сенатор Советбек Медебаев заңды жетілдіруді көздейтін маңызды өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.

Заң аясында қандай мәселелер қаралды?

Сенатор Советбек Медебаев заңды талқылау және оны екінші оқылымға дайындау барысында заңды жетілдіруді көздейтін маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айтты. Барлық ұсыныс пен ескерту 11 түзетуден тұрады. Олар мынадай:

  • Құқықтық қайшылықты болдырмау үшін Жер кодексіне қоныс аударушыларға конкурстан тыс тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің мерзімдеріне қатысты толықтырулар енгізілді;
  • Бейнебақылау жүйелерін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін қылмыстық жауаптылықтың енгізілуіне байланысты Қылмыстық-атқару кодексіне бейнебақылау жүйесі ұғымын енгізу бөлігінде түзетулер енгізілді;
  • Қылмыстық кодекстің 428-1-бабының екінші бөлігі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің, тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының қызметкерлері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қылмыс жасаған жағдайда 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қатаңдатылып, жазаның балама түрлері алып тасталды;
  • «Халықтың көші-қоны туралы» заң талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау туралы дербес тараудың енгізілуіне байланысты заңның жекелеген нормалары Кәсіпкерлік кодексінің және «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның нормаларына сәйкес келтірілді.

Советбек Медебаев аталған заңда елімізге террористер мен педофилдерді кіргізбеуді көздейтін норма барын атап өтті.

«Қылмыскер, азаматтығын алған елге Қазақстан ратификациялаған, сотталған адамдарды беру туралы халықаралық шарттармен қоса, Қазақстанның Бас прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара келісім қағидаты негізінде қол жеткізген келісімге сүйеніп, өзінің азаматтығы тиесілі мемлекетке беріледі», – деді депутат.

Депутат ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған шетелдіктердің Қазақстанға келуiне тыйым салатын негіздер осы заң аясында кеңейтіліп отырғанын айтты.

«Ең басты қамтитын мәселелердің бірі кәмелектке толмаған жастардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты соттталған шетел азаматтары ҚР-ның аумағына келуіне тыйым салынады. Олардың Қазақстан азаматтығын алуға мүмкіншілігі болмайды», -деп түсіндірді депутат Сенат кулуарында.

Дауыс беру нәтижесінде Сенат депутаттары құжатты Парламенттің төменгі палатасына қайтарды.

 

Тегтер: заң

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz