Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сенаторлар «Масс-медиа туралы» туралы заңды мақұлдады

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Масс-медиа туралы" туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.06.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Сенатор Айгүл Қапбарованың айтуынша, заң жобасы Үкіметтің бастамасымен әзірленген.

«Масс-медиа туралы» заңға «Бұқаралық ақпарат туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» қолданыстағы заңдардың нормалармен бірге мына жаңалықтарды енгізу көзделген:

  • Бірінші, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, Қазақстан Республикасының ақпараттық егемендігін нығайту және қорғау үшін гранттық қаржыландыру берілетін болды;
  • Екінші, бұқаралық ақпарат құралында жарияланған ақпараттар бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың талап қою мерзімі бір жыл болып белгіленді;
  • Үшінші, БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды;
  • Төртінші, БАҚ қызметіне өзін-өзі реттеуге, медиа саланы дамытуға мүмкіндік беру мақсатында ерікті негізде қоғамдық-кәсіптік кеңес құруға және журналистердің әдеп кодексін әзірлеуге мүмкіндік берілді;
  • Бесінші, Мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50 пайыздан 60 пайызға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту белгіленді (2025 жылдан бастап 55 пайыз, 2027 жылдан бастап 60 пайыз);
  • Алтыншы, отандық теле-, радио бағдарламалардың және қазақстандық авторлардың/орындаушылардың музыкалық шығармаларының отандық теле-, радиоарналардағы көлемін 50 пайыздан 60 пайызға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту (2025 жылдан бастап 55 пайыз, 2027 жылдан бастап 60 пайыз) көзделді;
  • Жетінші, отандық теле-, радиоарналардағы шетелдік бағдарламалардың ретрансляциясын 20 пайыздан 10 пайызға дейін азайту белгіленді;
  • Сегізінші, журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде нормалар енгізілді.

Сондай-ақ, «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы арқылы 6 кодекске және 22 заңға «бұқаралық ақпарат құралдары» сөзін негізгі заңға сәйкес «масс-медиа» сөзімен ауыстыру мәніндегі түзетулер енгізілген.

«Қазақстанның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде «Бұқаралық ақпарат туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың бір заңның аясына біріктірулуіне байланысты оларға қатысты нормалар да бір баптың аясына біріктіріліп, «бұқаралық ақпарат құралдары» сөзі «масс-медиа» сөзімен ауыстырылды», — деді Айгүл Қапбарова.

Дауыс беру нәтижесінде депутаттар «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады.

Тегтер: Басты жаңалықтарзаңмасс-медиа

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz