13 қазанда әлеуметтік желіде Семей қаласында жанып жатқан қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Бір айлық сәбидің денесінің 70%-ын күйік шалып, ауруханаға жеткізілгені де хабарланды.
Абай облысының прокуратурасы бұл оқиғаны растап, сотқа дейінгі тергеудің арнайы бақылауға алынғанын мәлімдеді.