Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Сбербанк Қазақстан» атауы «Береке банк» болып өзгереді

Сбербанктің Қазақстандағы бұрынғы еншілес банкінің атауы "Береке банк" болып өзгереді. Бұл туралы "Бәйтерек" холдингінің төрағасы Қанат Шарлапаев Shishkin_like Telegram-каналына берген сұхбатында хабарлады.

13.09.2022
Жаңалықтар

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, ресейлік «Сбербанктен» сатып алынған Қазақстандағы еншілес банк ребрендингтен өтіп, жаңа атау алмақ.

«Ребрендинг міндетті түрде болады. 1 қыркүйекте меншік құқығын беру транзакциясын жаптық. Жаңа банк «Береке банк» деп аталады. Қазақша жақсы сөз, мұны барлығымыз бір-бірімізге тілейміз. Сондықтан бұл банк бұған дейін жұмыс істеген құндылықтар мен ұмытылысты көрсетеді деп ойлаймын және әрі қарай да солай жұмыс істейді деп үміттенеміз», — деді Шарлапаев.

2022 жылдың 2 қыркүйегінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі «Сбербанктің» еншілес банкінен барлық акцияларын сатып алу бойынша мәмілені аяқтағаны белгілі болды.

Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалып, барлық қажетті реттеушілік мақұлдаулардан өткені айтылды.

«Банк клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады, қолданыстағы клиенттер үшін банк өнімдерінің барлық шарты өзгеріссіз қалады. «Бәйтерек» холдингі банктің елдің қаржы жүйесі үшін маңыздылығын жоғары бағалайды. «Сбербанк Қазақстан» қолжетімді заманауи инфрақұрылым мен технологиялар іс-шараларды толық жүзеге асыруға және ел экономикасының нақты секторын қаржыландыруды жалғастыруға мүмкіндік береді», — деді холдинг өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

«Өзгеріс жауапкершіліктен басталады»: Алматы облысының әкімі референдумда дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында референдумға дауыс беру қалай өтіп жатыр?

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Қонаевта референдум ақсақалдың батасымен басталды

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Шеңгелдіде ақсақал Амангелді Беспаев дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында референдум: дауыс беру ашық әрі заң талаптарына сай өтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz