Жаңа спорт алаңының жалпы көлемі 1800 шаршы метр. Онда жасанды шөп жабындысы төселген футбол алаңы, жүгіруге арналған резеңке жолақты жол және баскетбол мен волейбол алаңдары бар.
Аудан әкімі Талғат Қайнарбековтың айтуынша, биылғы «Балалар жылы» аясында Сарқан қаласымен қатар, шалғай жатқан Қарабөгет, Көкөзек, Алмалы, Қарғалы ауылдарында заман талабына сай 2 шағын, 2 үлкен – жалпы 4 футбол стадионы, 5 стрит-воркаут және 8 балалар алаңы салынып, жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.
Бұған дейін маусым айының соңында Сарқан қаласында жеке кәсіпкер өз қаражатына 300 адамдық «Жетісу» бассейн орталығын ашқан болатын.