Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сарбаздар арасындағы суицидтің ықтимал себептері айтылды

Бас әскери-медициналық басқарманың статистикасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері бар. Бірақ сарбаздар арасында мұндай жағдайлардың қалыпты өсімі байқалмайды, деп сендірді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

02.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Бізде қызметке 18 жастағылар келеді. Оларда қазірдің өзінде 9 миллион теңге сияқты несиесі бар. Арасында кейбірі тұтынушылық несие. Сонымен қатар триггер болатын, әсер ететін көптеген әлеуметтік мәселелер бар. Мұның себебін бір сөзбен айту қиын, өйткені әр жағдай әртүрлі. Суицид жасауға бір себеп болды деп жалпылама айтуға болмайды», – дейді қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Ол 2022 жылдың бес айында бас әскери-медициналық басқарманың статистикасы бойынша Қазақстанда 4318 суицид тіркелгенін, оның төртеуі қарулы күштер қатарында екенін айтты. Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінен құтқарылғандар саны – 4019, оның ішінде жетеуі қарулы күштерде.

Ахмедиевтің айтуынша, Қорғаныс министрі Қарулы күштердегі жазатайым оқиғалардан емес, өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларынан болатын өлімді барынша азайту міндетін қойды.

«Өсу динамикасы бар. Бірақ анықтама көрсеткендей суицидтің қалыпты өсімі жоқ. Арнайы жұмыс тобы құрылып, суицидтің себептерін егжей-тегжей зерттеп, мұндай жағдайларды барынша азайту бағытында жұмыс атқарып жатыр. Бұл – күрделі жұмыс. Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу шараларын әзірлеу мақсатында жұмыс тобына әскерилер ғана емес, азаматтық қоғам өкілдері де кіреді», – деді Дархан Ахмедиев.

Вице-министр бұл бағыттағы жұмыстың бір бөлігі әскери бөлімдерде цифрландыру арқылы жүзеге асырылатынын айтты.

«Цифрландыруға қатысты қандай ұсыныс бар? Әскери бөлімдерді сарбаздардың қимыл-қозғалысын көрсететін бейнекамералармен жабдықтау қажет. Бұл жұмысқа қазақстандық IT-компаниялар жұмылдырылады. Сонымен қатар сарбаздардың қозғалысын, жүрген орны мен пульсін бақылайтын білезіктерді пайдалану ұсынылады. Егер сенсор сөніп қалса, командирлер сол жерге барып, тексере алады. Сондай-ақ суицидке бейімді екенін анықтау үшін психологиялық тесттер әзірленді», – деп түйіндеді Дархан Ахмедиев.

Тегтер: сарбаздарсуицидфакті

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz