Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Әкімдердің рейтінгіне тікелей қатысы бар заң жобасы әзірленді

Жолдың жөндеу жұмыстарына салғырт қараған техникалық қадағалау және жоба жасаған мекемелер жауапқа тартылады, деп хабарлайды Alataunews. kz ақпараттық агенттігі.

12.07.2022
Жаңалық, Қоғам

Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі қала және ауылда салынған жолдардың сапасын тексеретін міндетті сараптама дайындап жатыр. Сондай-ақ, жыл аяғына дейін жол сапасы бойынша әкімдіктер рейтингін анықтайтын әдіс жүзеге асады. Бұл шара арқылы өзі билік еткен елді мекендердің қаражолына қабырғасы қайыспаған жергілікті атқа мінерлердің талайы қара тізімге ілінуі мүмкін.

Президент тапсырмасымен Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі транспорт мәселесі бойынша заң жобасын әзірлеген. Бұл заң жобасы елді мекендердегі жөндеуден өткен жол сапасын тексеретін сараптаманы қадағалайды. Сараптама жұмыстары «Сапалы жол активтерінің ұлттық орталығы» РМК арқылы жасалады.

Қазақстандағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 157 мың километрді құрайды. Оның ішінде Республикалық маңызы бар 25 мың шақырым, жергілікті маңызы бар 71 мың шақырым және елді мекендер көшелері 61 мың шақырым жол бар. Айта кету керек, республикалық маңызы бар жолдар бойынша ИИДМ және «ҚазАвтоЖол» «ҰК» АҚ жауапты, ал жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелері бойынша жергілікті әкімдік жауап береді.

Тегтер: жолжөндеу жұмыстары

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz