Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында орналасқан «Самға» сауықтыру орталығында 12 жас жеткіншек ем алып жатыр

Сауықтыру орталығына мемлекеттік қолдау қажет. «Самға» сауықтыру орталығында 12 жас жеткіншек ем алып жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

21.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Қапшағай Самға» мүгедектер бірлестігі 2013 жылы құрылған. Бүгінге дейін көптеген жарымжан азаматқа қол ұшын созған. Құрамында 10 маман жұмыс істесе, тіркелген 350 мүшесі бар.

2018 жылдан бастап мемлекеттік заң шеңберінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді. «Мен бақытты отбасы» сынды дәстүрлі байқау, спорттық шаралар ұйымдастырады.

«Жанары жасқа толы жандар жер бетінде, біздің қоғамда, Жаңа Қазақстанда болмауы тиіс. Тұла бойы икемге келмейтін, тірек-қимылы бұзылған  немесе мүгедектігі бар адамдарға қашанда қолдау білдіруге тиіспіз. Өйткені, жан мейірімге шөлдейді», – дейді «Қапшағай Самға» мүгедектер бірлестігінің басшысы Марат Абдуллаев.

Бірлестік қабырғасында «Самға» сауықтыру орталығы құрылған. Мұнда тірек-қимыл аппаратының функционалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіретін жаттығу құралдары, массаж сынды сауықтыру орындары қарастырылған. Орталықта 12 бала ем алуда. 20 бала кезекте тұр.

«Қонаевта тірек-қимылы бұзылған 200-ден астам бала бар. Оның бәріне бірдей көмек көрсете алмаймыз. Өйткені, біздің бірлестік орналасқан ғимарат өте тар болғандықтан мүмкіншілігіміз шектеулі болып тұр. Бұл тұрғыда мемлекеттік қолдауға зәруміз», – дейді «Қапшағай Самға» мүгедектер бірлестігінің басшысы Марат Абдуллаев.

Айта кету керек, облыс орталығында тірек-қимылы бұзылған 200-ден астам бала бар. Орталықтан бүгінде 4 бала түлеген. Олардың жағдайы басында қиын болса, есейе келе жүйелі жұмыс нәтижесінде айтарлықтай жақсарыпты.

 

1 of 3
- +
Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz