Азамат сайлаушылардың тек 1 ғана тізіміне енгізілуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Содан кейін сайлаушылар тізімінде бар-жоғыңызды тексеріп, өзіңізді тізімге енгізу үшін қайда бару керектігін біле аласыз.
Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берілген жазбаша өтініш негізінде тізімдерге енгізіледі.
Мұны әкімдіктің сайтында немесе жергілікті атқарушы органның Call-орталығына қоңырау шалу арқылы жасауға болады. 2022 жылғы 4 қарашадан бастап азаматтарды дауыс беру орны туралы хабардар ету басталады.