Сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін жариялап отырды.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды, республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашада елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,43% бюллетень алды.
Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:
1. Абай облысы бойынша – 80,18%
2. Ақмола облысы бойынша – 78,87%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 72,81%
4. Алматы облысы бойынша – 72,10%
5. Атырау облысы бойынша – 70,87%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,67%
7. Жамбыл облысы бойынша – 79,57%
8. Жетісу облысы бойынша – 81,42%
9. Қарағанды облысы бойынша – 78,39%
10. Қостанай облысы бойынша – 79,28%
11. Қызылорда облысы бойынша – 81,07%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 66,99%
13. Павлодар облысы бойынша – 77,58%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,01%
15. Түркістан облысы бойынша – 80,37%
16. Ұлытау облысы бойынша – 75,48%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49%
18. Астана қаласы бойынша – 48,60%
19. Алматы қаласы бойынша – 28,72%
20. Шымкент қаласы бойынша – 59,79%.