Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Садақа — мансапқа жетудің құралы емес»: Перизат Қайрат ісі бойынша прокурор қорытынды сөзін айтты

Бүгін Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты өтіп жатқан сот процесінде мемлекеттік айыптаушы Мәдина Оразалина қорытынды сөзін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2025
Жаңалықтар

Ол бұл істі жай ғана алаяқтық емес, «аманатқа, адалдық пен қайырымдылыққа жасалған қиянат» деп сипаттады.

«Бүгін біз қоғам белсендісі ретінде танылған Қайрат Перизат пен оның анасы Алашбаева Ғайниге қатысты қылмыстық істің сот талқылауын қорытындылап отырмыз. Осы отырысқа дайындалып жатып, өз сөзімді “Ізгіліктің бетпердесі” деп атау ойы келді. Сөзімді қазақ халқына – жомарт әрі арлы халыққа алғыс айтудан бастағым келеді…» – деді прокурор.

Оразалинаның айтуынша, Перизат Қайрат қайырымдылық пен қоғамдық белсенділікті желеу етіп, жұрт сенімінен пайда табуға тырысқан. Ол өз мүддесін ізгілікпен бүркемелеп, халықтың шынайы ниетін жеке мақсатқа пайдаланғанын атап өтті.

Сөздің соңы – қатаң мәлімдеме

Мемлекеттік айыптаушы соттағы сөзін мынадай тұжырыммен аяқтады:

«Садақа – мансапқа жетудің құралы емес. Халықтың сенімі – ақша да, бренд те емес. Бұл – аманат. Ал аманатқа опасыздық жасағандар әшкере болады».

Айта кетейік, Перизат Қайрат соңғы жылдары қоғамда қайырымдылық бастамаларымен танылған. Алайда қазіргі сот процесі бұл әрекеттердің артында өзге ниет болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.

Сот үкімі алдағы күндері жариялануы мүмкін.

Тегтер: прокурорСот

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz