8 қарашаға қараған түні Рудный қаласында жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Оқиғаның видеосы «Наша газета» Telegram арнасында жарияланды, онда судың қатты қысыммен ағып жатқанын көруге болады.
Жарылыс Топоркова көшесінде орын алған. Аудан тұрғындары бұл аймаққа жақында ғана жаңа құбырлар тартылғанын, соған қарамастан, үйлердің жылусыз қалғанын айтуда.
Қала әкімдігі коммуналдық қызмет жұмысшыларының апатты жоюға кіріскенін мәлімдеді. Мамандар құбырдың зақымдалған бөлігін анықтап, оны ауыстыру шараларын қолға алуда. Әкімдік зардап шеккен үйлерге жылу беруді жылдам қалпына келтіруге тырысатынын жеткізді.