2024 жылдың 8 қазанында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның бұрынғы уақыт белдеуіне қашан және қандай жағдайда оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.
Склярдың айтуынша, уақыт белдеуін өзгерту мәселесі маңызды және оны шешу үшін барлық пікірлер ескерілуі қажет. Ол қоғамның бір бөлігі жаңа уақыт белдеуіне бейімделгенін, ал кейбіреулерінің оған қарсы екенін атап өтті.
«Мысалы, Шымкент пен жақын орналасқан Ташкенттің уақыт айырмашылығы жоқ, олар да бізбен бірдей белдеуде өмір сүрді. Кейбіреулер үшін бұл ыңғайлы болса, басқалары үшін қолайсыз болуы мүмкін. Бұл жерде әлі де оң және теріс жақтарын таразылау қажет,» – деді Скляр.
Жазғы уақытқа қайта оралу мүмкіндігі туралы сұраққа Скляр, қоғамның мұны қолдамайтын бөлігі бар екенін, әсіресе гипертониялық науқастар үшін бұл өзгеріс ыңғайлы болмауы мүмкін екенін айтты.
Еске салсақ, 2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне өтті. Уақытты өзгертуді алып тастауды талап еткен петиция 7 маусымда қажетті 50 мың дауыс жинады, және 21 маусымда оны қарау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.