Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның ресми нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Комиссияның мәліметінше, дауыс беруге қатысуға құқығы бар Қазақстан азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады. Референдумға 7 миллион 820 мың 204 адам немесе сайлаушылардың 63,66 пайызы қатысты.
Референдумда қойылған мәселені қолдап, дауыс берген азаматтар саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12 пайызды құрады. Осылайша, референдумның нәтижесі бойынша оң шешім қабылданды және референдум заңды түрде өтті деп танылды.