Республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстарға 500 бірлік арнайы пайдалану техникасы жұмылдырылды.
Ауа райы нашарлаған сәттен бастап (3 қаңтардан бастап) 2200 м3 көктайғаққа қарсы материалдар жұмсалды.
Сағат 8:45-тегі ақпаратқа сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық автожолдардың 32 учаскесі жабық күйінде қалып отыр.
Трассалар Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында жабық.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды, ШҚО және Абай облыстарының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында аса күрделі жағдай қалыптасты. Өткен тәулікте бұл өңірлерде қар құрсауынан 200-ге жуық көлік шығарылып, 346 адам құтқарылды.