Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ресейден келушілердің саны азайды

Бүгін Үкіметте Премьер-Министрдің төрағалығымен көші-қон мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

01.10.2022
Жаңалықтар

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, 21-28 қыркүйек аралығында Ресейден келген мигранттардың саны 2-3 есеге көбейген. Алайда соңғы екі күнде едәуір төмендей бастады.

«Есептік кезеңде Ресей Федерациясының 382 азаматы тұрақты тұру үшін және 64 азаматы Қазақстан Республикасынының азаматтығын алуға құжат тапсырды», — деді Ахметжанов.

Осы орайда министр криминогендік жағдай тұрақты екенін ерекше атап өтті. Мигранттар тарапынан жасалған қылмыстар тіркелмеген. Қазіргі кезде адам көп шоғырланатын жерлерде полиция нарядтарының саны артты.

Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов тиісті инфрақұрылымы бар өткізу пунктерінде Қазақстан азаматтары, жүк көлігі және шетелдіктер үшін жеке жол жолақтары бөлінгенін хабарлады.

«Қазіргі кезде Қазақстан азаматтары үшін шекарадан өту бойынша проблемалар жоқ», — деп мәлімдеді Алдажұманов.

Ал Премьер-Министр Әлихан Смайылов жекелеген өткізу бекеттерінде әлі де ұзын-сонар кезек бар екенін айтты.

«Ресейдің шекара қызметімен өзара іс-қимылды күшейту керек, екі жақтан да адамдар жиналып қалмауы үшін бірыңғай алгоритм әзірлеу қажет. Себебі, бұл бизнес пен халықтың орынды наразылығын тудырады. Бірінші кезекте қазақстандықтар үшін тұрақты «жасыл дәлізді», сондай-ақ тіркелмеген мигранттарды анықтау үшін мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қамтамасыз ету қажет», — деді Смайылов.

Тегтер: кеңескөші-қонРесей

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz