Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Орталық референдум комиссиясы дауыс беру рәсімі, дауыстарды санау уақыты және ресми қорытындының қашан жарияланатыны туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026
Жаңалық

Комиссия мүшесі Азамат Айманақұмовтың айтуынша, республикалық референдум 15 наурыз күні еліміз бойынша 9 799 учаскеде өтеді. Дауыс беру уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін белгіленген. Бұдан бөлек, 632 учаске әскери бөлімдерде, демалыс үйлері мен санаторийлерде, стационарлық емдеу мекемелерінде, тергеу изоляторларында және Қазақстанның шетелдегі өкілдіктері жанында жұмыс істейді.

Комиссия өкілінің сөзінше, егер сайлаушылар тізіміне енгізілген барлық азамат дауыс беріп үлгерсе, учаскелік комиссия дауыс беруді мерзімінен бұрын аяқталды деп жариялай алады.

Тұрғылықты жерін уақытша өзгерткен азаматтар есептен шығару куәлігі арқылы дауыс бере алады. Бұл құжатты жазбаша өтініш негізінде учаскелік комиссиядан 27 ақпаннан бастап 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін алуға болады. Мұндай жағдайда сайлаушылар тізіміне арнайы белгі қойылады. Алайда бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс бергісі келгендерге мұндай куәлік берілмейді. Құжат бес таңбалы серия нөмірімен рәсімделеді, жоғалған жағдайда қалпына келтірілмейді және көшірмесі берілмейді.

Комиссия әр азаматтың жеке өзі дауыс беруі тиіс екенін еске салды. Дауыс беру құқығын басқа адамға беруге немесе өзге тұлға үшін дауыс беруге заңмен тыйым салынған.

Айманақұмовтың мәліметінше, дауыстарды санау жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады. Егер қандай да бір учаскеде дауыс беру уақыты өзгертілсе, санау процесі дауыс беру аяқталған сәттен кейін басталады.

Референдум заңды деп танылуы үшін дауыс беру құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысуы қажет. Ал ұсынылған мәселе бойынша шешім референдумға қатысушылардың жартысынан астамы қолдаған жағдайда қабылданды деп есептеледі.

Қорытынды нәтижелер Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылып, хаттамамен рәсімделеді. Ресми мәліметтер дауыс беру күнінен бастап жеті күн ішінде, яғни 2026 жылғы 21 наурызға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Егер жаңа Конституция қабылданса, қолданыстағы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер негізгі заңға қайшы келмейтін бөлігінде өз күшін сақтайды. Үкімет пен мемлекеттік органдар өз құжаттарын жаңа Конституция талаптарына сәйкестендіруі тиіс. Сонымен қатар Конституциялық кеңес пен Конституциялық соттың бұрынғы шешімдері де жаңа құжатқа қайшы келмесе, қолданысын жалғастыра береді.

Тегтер: Қазақстанреферсайлау

Соңғы жаңалықтар

Снегопад и похолодание: в Алматинской области объявлено штормовое предупреждение

Николай Иващенко
24.02.2026

Житель Алматинской области пытался продать свою почку за 25 тысяч долларов в Кокшетау

Николай Иващенко
24.02.2026

Два жилых дома горели в Алматинской области

Николай Иващенко
24.02.2026

В месяц Рамазан вагоны-рестораны Нацперевозчика будут работать по специальному графику

Николай Иващенко
24.02.2026

Назначен руководитель управления образования Алматинской области

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz