«Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төралқасының отырысында 2 кг ұнның орташа бағасына сүйене отырып, ел бойынша пітір садақаның мөлшері 655 теңге болып бекітілді», — делінген хабарламада.
Жалпы пәтуаға сәйкес қасиетті Рамазан айы 1 наурыздан басталады. 26 наурыздан 27 наурызға қараған түн — қасиетті Қадір түн. 30 Наурыз — Ораза айт мерекесі.
Ораза кестесін муфтияттың ресми сайтынан көре аласыз.





