Биыл Райымбек ауданының Жамбыл және Сүмбе ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысы жүріп жатыр, оған 928,5 млн. теңге бөлінді.
Алайда, ғимараттардың құрылысы дер кезінде аяқталмауы халықтың наразылығын тудырды. Өйткені «Golden City DS» ЖШС және «Моналит строй» ЖШС мердігер серіктестіктер қаражаттың тек 20%-ын игерген. Аталған мәселе бойынша Марат Сұлтанғазиев орынбасарлары мен Райымбек ауданы әкіміне нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, Қақпақ ауылындағы мәдениет үйіне 270 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.