Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Қытайда тікелей эфирде әйелін өртеген ер адам өлім жазасына кесілді

Қытайда әлеуметтік желінің тікелей эфирінде бұрынғы әйеліне шабуыл жасап, оны тірідей өртеп жіберген ер адам өлім жазасына кесілді. Үкім 23 шілдеде елдің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында шыққан, деп хабарлайды Alataunews.kz сайты CNN арнасына сілтеме жасап.

25.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Жантүршігерлік оқиға 2020 жылғы қыркүйекте болған.

Басылым мәліметінше, Лама мен Тан Лу 2009 жылы некелескен. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан шаршаған әйелі 2020 жылғы маусымында ажырасуға арыз берген. Бұл шешімге келіспеген күйеуі бұрынғы әйелінің үйіне барып, үстіне бір шелек бензин құйып, оны өртеп жібереді. Қайғылы оқиға кезінде әйел тікелей эфирде отырған.

Кейін Ламаның аурухана реанимациясына түсіп, денесінің 90 пайызын күйік шалғаны белгілі болды. Туыстары оның денесі «көмір қалдығы» сияқты болып қалғанын айтты. Екі аптадан кейін әйел көз жұмды.

Лама әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы болған. Тибеттік келіншектің тик-токтағы оқырмандар саны жүз мыңнан асады.

Ол платформада оптимистік постарымен танымал болған. Онда Лама ауылдың тіршілігін көрсетіп, тауларда серуендеп, түрлі шөптер жинап, тамақ дайындап, фонограммамен әндер орындаған. Ол мұның бәрін Тибеттің ұлттық костюмінде және макияжсыз түсірген.

Осындай оптимист әйелдің оқырмандары оның бұрынғы күйеуінен қысым көріп жүргенін білмеген.

Тегтер: Қытай

Соңғы жаңалықтар

Коллектив компании Dolce поддерживает принятие новой Конституции

Николай Иващенко
06.03.2026

Важная информация: маслихат Алматинской области сообщает о публичных слушаниях по вопросу приватизации

Николай Иващенко
05.03.2026

Студенты Алматинской области голосуют за будущее

Николай Иващенко
04.03.2026

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz