Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қытайда хайп қуып дауға қалған қазақстандық блогер елге оралды

Қытайда түсірілген даулы видеолардан кейін қоғамның назарын аударған қазақстандық блогер елге оралды. Алматы қаласының полиция қызметкерлері онымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы құқық қорғау органдары мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.07.2025
Жаңалықтар

Блогер түсірген бейнероликтердің бірінде ол жолдасының қалтасынан ұялы телефонды ұрлағандай етіп, оны өтіп бара жатқан Қытай азаматына берген. Артынша, ұрлық болды деп сол адамға кінә таққандай әрекет жасаған.

Тағы бір видеода ол метро мен көшеде бейтаныс ер адамдардың қолын, тізесін ұстаған. Бұл әрекеттер қоршаған адамдар арасында үрей мен түсініспеушілік туғызған.

Түсіндіру жұмыстары барысында блогер өз әрекетін қателік деп танып, өкінішін білдірді.

«Менің видеом ешкімді ренжіту мақсатында түсірілмеді. Бұл – ойланбай жарияланған материал. Егер біреуге жағымсыз әсер етсе, кешірім сұраймын. Енді контент жариялау мәселесіне мұқият қараймын», – деді ол.

Полиция өкілдері әлеуметтік желілерде жарияланатын кез келген материалда өзгелердің ар-намысы мен құқықтары сақталуы тиіс екенін ескертті.

«Мұндай әрекеттер арандатушылық ретінде қабылданып, қоғамда теріс пікір тудыруы мүмкін», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, шетелге шыққан әрбір азамат сол елдің заңдары мен қоғамдық тәртіп ережелерін, мәдени дәстүрлерін құрметтеуі тиіс. Бұл талаптарды елемеу құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Аталған жағдай қоғамда шетелдегі қазақстандық азаматтардың жүріс-тұрысы мен әлеуметтік желідегі жауапкершілігі туралы жаңа талқылауларға себеп болды.

Тегтер: қазақстанҚытай

Соңғы жаңалықтар

В Конаеве ведется строительство системы очистки сточных вод

Николай Иващенко
19.03.2026

Системная работа в рамках проекта «Алатау аманаты»

Николай Иващенко
19.03.2026

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

Убийство человека, похищение ребенка и изнасилование: в Алматинской области суд огласил приговор

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz