Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды.
Жарыс жолына 16-болып шыққан Вадим нысана көздеуден бір ғана рет (0+1+0+0) мүлт кетіп, 42:37.4 минут нәтиже көрсетті.
Норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенг қазақстандықтан 42,6 секундқа қалып қойып, екінші орынға ие болды. Франциялық Аксель Гарнье (+1:16.5) үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстандықтардан сондай-ақ Александр Мухин, Кирилл Бауэр және Бекентай Тұрлыбеков осы қашықтықта сынға түскенімен, олар жүлдеге іліге алмады.
Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде – алтын медаль түсті.