Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Қырғызстанда Серік Күдебаевтың шекараны заңсыз кесіп өтуіне көмектесті деген төрт адам ұсталды 

Қырғызстанның Әскери прокуратурасы қазақстандық генерал Серік Күдебаевты шекарадан заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.

22.05.2023
Жаңалық

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өткені анықталды. Расталмаған мәліметке сәйкес, Шекара қызметінің әскери қызметшісі оның Қырғызстан аумағына келуін заңдастырған.

«Бұдан әрі Серік Күдебаев Түркияға «Манас» әуежайы арқылы ұшып кетті. Әскери прокуратура заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, бұл іс бойынша төрт адам тергеліп жатыр. Олар Бішкектің тергеу изоляторына қамалды. Алдын ала ақпарат бойынша, қатысушылардың бірі – әскери қызметші, қалғанының әскерге қатысы жоқ», – деп хабарлады редакция.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталуда. Тергеу мәліметтері бойынша, өткен жылдың қаңтар айындағы оқиғалар кезінде полиция бастығы жеке құрамды таратып, Полиция департаментінің ғимаратын тастап кетіп, шабуылдаушыларға қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденуге мүмкіндік берген.

Тегтер: заңсыз әрекетСерік Күдебаевшекара

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz