«Олардың келтірген жалпы шығыны 170 миллион теңгеден асады. Топтың алаяқтықтан басқа екі қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Қазір басты айыпталушыларға бұлтартпау шарасы қабылданып, өзге күдіктілер мен сыбайластары анықталып, басқа қылмыстарға қатысты тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деді Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.
Қылмыстық топ құрамында Қазақстан мен шетел азаматтарының бары анықталған. Тінту кезінде олардан 8 миллионнан аса қаражат, телефондар, 20-дан астам төлем картасы, сондай-ақ банк карталарының атаулары мен парольдерінің жазбалары табылды.