Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қостанай облысындағы орман өрті табиғи апат емес — Экология министрі

Қостанай облысында болған орман өрті табиғи емес. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.

20.10.2022
Жаңалықтар

«Қостанай облысындағы соңғы өрт туралы айтар болсам, бастапқыда жалпы ауданы 43,8 мың гектар дегенбіз. Бірақ есептеген кезде су нысандары мен ауыл шаруашылығы жерлерін алып тастағанда шамамен 40 мың гектар болды. 35 мың гектарға жуық орман алқабы өрттен зардап шекті», — деді Серікқали Брекешев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, екі комиссия осы өрттен болған залалды есептеу жұмысын жүргізген.

«Бүгінгі таңда алдын ала деректер бар. Өрттен келген тікелей залал шамамен 4 млрд теңгені құрады. Өрттің себебіне келер болсақ, қазір бізбен жұмыс істеген комиссия және ведомствоаралық комиссия әзірше табиғи өрт емес деген нұсқаға сүйеніп отыр. Комиссия мұны қылмыстық іс аясында тергеуде. Меніңше, жақын арада өрттің нақты себебі анықталады», — деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанайдағы өрт қасақана адам қолынан болды деген нұсқаны жоққа шығармайтыны туралы айтты. Сонымен қатар Қостанай облысындағы орман өрттеріне байланысты «Басаман орман шаруашылығы мекемесінің» басшысы қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Тегтер: Қостанайорманөрт

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz