Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қостанай облысында тағы бір ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Осы уақыт ішінде үш ауылдан 1 800-ден астам адам оқшауланды. 5 қыркүйекте тағы бір елді мекеннің тұрғындарын эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

05.09.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Қатты жел мен ыстық ауа райы жұмысты қиындатып жатыр. Қостанай облысындағы тілсіз жаумен мамандар үш тәуліктен бері алысып әлек.
ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, Қостанай облысында өрт аумағы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша 43 мың гектардан асты. Тілсіз жауды ауыздықтауға 2 193 адам жұмылдырылды. 224 техника, 7 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы жеткізілген.

ТЖ басталған сәттен бастап Қостанай облысының төрт ауылының, атап айтқанда Озерное, Аманқарағайдың солтүстік бөлігі, Калинино, Лесноеның 1 841 тұрғыны эвакуацияланды. Желдің күшеюіне байланысты орман өрті Бағаналы ауылын жайлай бастады. Ауылды қорғау мақсатында басқа учаскелерден күштер мен құралдар жедел жеткізілді.

Қазіргі уақытта екі өрт ошағы жанып жатыр. Жергілікті атқарушы органдар Бағаналы ауылынан 11 адамды, оның ішінде 2 баланы Қазанбасы ауылына жеткізді. Оқиға орнында ТЖМ 10 бірлік техника, жеке құрамнан 52 адам, 4 әуе кемесі (ТЖМ-3, ҚМ-1), ЖАО 5 бірлік техника, 14 адам, ҚМ 9 бірлік техника, ҰҰ 400 адам жұмыс жасап жатыр. Қатты жел мен ыстық ауа райы жұмысты қиындатып жатыр. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 5 қыркүйекте Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағында жоғары температура 31 градусқа дейін сақталады, желдің жылдамдығы 7 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысында орман өрттері фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 341-бабы «ормандарды жою немесе бүлдіру» және 204-бабының 2-бөлігі «бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тегтер: жерҚостанай

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz