Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге үй салуға 2,3 млрд теңге бөлінеді

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысына Үкімет резервінен 2,3 млрд теңге бөлінеді, деп мәлімдеді орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

08.09.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Бүгін ТЖ министрлігінен алғашқы бюджеттік өтінім келіп түсті. Осы өтінім бойынша Үкімет резервінен 2,3 млрд теңге бөлінеді», — деді Қуантыров.

Ол бұл қаражат 91 тұрғын үйдің құрылысына бағытталатынын атап өтті. Атап айтқанда, әрбір үйге 25 млн теңге жұмсалады.

«Бұл үйлер аудан орталықтарында салынады. Әр үйге 10 сотық жер бөлінеді, үйлердің ауданы 100 шаршы метр болады. Ал өртенген үйлер ауданы жағынан әлдеқайда аз – шамамен 50-60 шаршы метр», — деді Ұлттық экономика министрі.

Сондай-ақ Қуантыров барлық үйлер газбен, сумен, жарықпен қамтамасыз етіліп, оларға жолдар тартылады деп сендірді. Министр қазірдің өзінде 70-тен астам отбасы жаңа үйлер салуға келісім бергенін атап өтті.

«Бұл мәселені шешуге қатысты үш түрлі ұсыныс бар. Үй салу, не өртеніп кеткен үйдің бағалау құны бойынша төленетін өтемақы немесе үшіншісі залал келтірілмеген сол ауылдағы екінші нарықтағы тұрғын үйді сатып алу. Бірақ өрттен зардап шеккендердің көбі үйдің құрылысына келісім береді. Қазіргі таңда бәрі бірдей өтініш бермегендіктен, шешілмеген сұрақтар бар. Ал жоба қысқа мерзімде, алдағы айларда салынатын 91 үйге арналған», — деді Қуантыров.

Тегтер: көмекҚостанайөрт

Соңғы жаңалықтар

Токаев: «В преамбуле Основного закона впервые сформулирован четкий ориентир на ценности культуры, образования, науки и инноваций»

Николай Иващенко
10.04.2026

Выборы в Курултай пройдут в августе

Николай Иващенко
10.04.2026

КТЖ высадит более 100 тысяч деревьев в Алматинской области

Николай Иващенко
10.04.2026

Толпа избила одного человека в Алматинской области

Николай Иващенко
10.04.2026

В Алматинской области спасатели МЧС спасли беременную женщину и мужчину

Николай Иващенко
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz