Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қостанай облысы су тасқынынан зардап шеккендерге ақша бөлінді

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов өңірде су тасқынынан зардап шеккен 600-ге жуық отбасыға 107 миллион теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2024
Жаңалықтар

Оның сөзінше, су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде біржолғы әлеуметтік төлемдерді төлеу басталған.

«Қазір 50 АЕК (186 мың 600 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) мөлшеріндегі әлеуметтік көмек ретінде 587 отбасыға 107,3 миллион теңге бөлінді», — деді Арман Әбенов ОКҚ-да өткен брифингте.

Әбеновтің айтуынша, бүгінде облыста су тасқыны бойынша жағдай қалыпты.

«Су қоймаларында су ағызуды біртіндеп төмендете бастадық. Мысалы, Қаратомар су қоймасында соңғы тәулікті су ағызу секундына 1 мың текше метрге дейін азайды, секундына 200 текше метр болды. Сондай-ақ, Жоғары Тобыл, Желқуар су қоймасы бойынша су ағызудың төмендеуі байқалады. Мұның сыртында өзендердегі су деңгейі төмендеп келеді. Соңғы тәулікте Тобыл өзенінің бас жағында 71 сантиметрге, Әйет өзенінде 91 сантиметрге төмендеді. Қарасу ауданындағы Тінтуір, Құндызды және Қарасу өзендерінде су деңгейінің төмендеуі тәулігіне 13-тен 97 сантиметрге дейін көтерілді», — деді облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, кейбір ауылдар жарықсыз отырғаны белгілі болды.

«Апат жағдайына байланысты 28 елді мекен жарықсыз қалды. Бүгінде электр бағандары суда қалған. Оларды қалпына келтіру жұмыстары қиынға соғып жатыр. Су кеткеннен кейін жұмысы жалғасады. Су тасқыны кезінде 24 автожолда қозғалыс шектелген, ал 9 жолдағы қозғалыс қалпына келтірілді», — деді Арман Әбенов.
Тегтер: Қостанай

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz