Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қорғас» халықаралық орталығының жұмысы әлі күнге жүйеленбей келеді

Жоспарланған 12 жобаның осы уақытқа дейін тек 3-уі ғана жүзеге асқан. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың Панфилов ауданына жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20.07.2022
Жаңалықтар, Сұхбат
Жетісу баспасөз қызметі

Жетісу баспасөз қызметі

Орталық пандемияға байланысты, 2020 жылдан бері сауда-саттықты тоқтатқан. Ал, жыл басынан бері көлік арқылы тек 1 мың тонна жүк өткен. Жалпы, «Қорғас» ШЫХО жұмысын жандандыру бағытында инвестициялық жобаларды қолға алу жоспарланған. Оған қоса, «Қазпошта» АҚ аумағы 3000 шаршы метрлік халықаралық пошта алмасу орнын салуды көздеп отыр. Онда коммерциялық жүкті қабылдау, сұрыптау, сақтау, тиісті орынға дейін жеткізіп беру мәселесі толықтай қарастырылады.

Облыс басшысы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында да болды. Онда бірегей құрғақ порт пен логистика және өңдеу өнеркәсібі жұмыс істеп жатыр. Негізінен, құрғақ порттың жылдық қуаттылығы жоғары. Контейнер айналымын 540 мың ДФЭ-ге дейін жеткізуге шамасы жетеді. Мәселен, өткен 6 айдың ішінде 4,2 млрд теңгеден аса табыс тапқан.

Қазір арнайы экономикалық аймаққа инвестиция салуға ниет білдіргендер көп. Жобалардың жалпы құны 500 млрд. теңге болатын 28 қатысушы тіркеліп, 18 жер учаскесін алды. Арасында кәсібін ілгерілетіп жатқандар да бар. Соның бірі «Elite baby production» компаниясы. Жуырда ғана іске қосылған кәсіпорын балаларға арналған жөргектер мен гигиеналық өнімдер шығара бастады. Ал, «SSA Feed Mills» ЖШС жылына 60 мың тоннаға дейін құрамажем дайындауда. Жобаға 4,7 млрд теңге қаржы жұмсаған.

Бұдан бөлек, облыс әкіміне арнайы экономикалық аймақта жүзеге асатын тың жобалар да таныстырылды. Басшылықтың айтуынша, болашақта халықаралық өндірістік қала салу жоспарда бар. Онда 5000 адам жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, 17 млрд теңгеге атлантикалық ақсерке өсіретін зауыт ашу көзделіп отыр. Нақтырақ айтқанда, аймақтың экономикалық әлеуеті зор. Тіпті, жүк және жолаушы тасымалына арналған әуежай да қарастырылған. Бұл ретте, әкімдік жер мәселесін шешіп беруге ықпал етпек.

Теміржол арқылы жүк тасымалын «Алтынкөл» станциясы да қамтамасыз етеді.  Жыл басынан бері Қытайдан 1200-дей жүк және жолаушылар пойызы келіп, көрші елге осынша көлемде пойыз өткен. Тәулігіне орташа есеппен мұнда 900-дей контейнер қабылданады. Станциядағы жүктер Қытайдан Еуропаға, Парсы шығанағы елдеріне және Орталық Азияға жөнелтілуде. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Алтынкөл станциясымен қатар, «Нұр жолы» автомобиль өткізу пунктінің жұмысымен де танысты. Президент тапсырмасына сәйкес, онда көліктерді электронды кезекке қою жүйесі қолға алынған. Соның арқасында күніне бекет арқылы өтетін автокөлік саны 90-ға дейін өсті. Ең бастысы, осы әдіс арқылы саладағы барлық алыпсатарлық жүйелер толығымен жойылды.

Жетісу баспасөз қызметі

1 of 6
- +
Тегтер: Жетісу облысыПанфилов ауданы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz