Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта үздік спортшылар, журналистер және жас көшбасшылар марапатталды

Қонаев қаласының мәдениет үйінде жыл қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсеткен спортшылар, журналистер және жас көшбасшыларды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара аясында спорт саласындағы «Хан Тәңірі» премиясы, медиа өкілдеріне арналған «Самғау» премиясы және жастарға бағытталған «Заңғар» сыйлығы бір мезетте табысталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.12.2025
Жаңалықтар

Іс-шара барысында облыс тұрғындарының кәсіби жетістіктері, әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесі мен адам капиталының өсуіне ықпал еткен еңбегі атап өтілді. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөзінде әр сала өкілдерінің өңір дамуы үшін маңызын ерекше атап өтті.

«Спортшылар жеңістері арқылы облыстың беделін арттырады, журналистер қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етеді, ал жастар жаңа бастамалар мен тың идеяларды ұсынады. “Хан Тәңірі”, “Самғау” және “Заңғар” – кәсібилік пен табандылыққа көрсетілген құрмет», – деді өңір басшысы.

Спорт саласында «Хан Тәңірі» премиясы аясында жоғары нәтижелерге қол жеткізген және спорттың дамуына үлес қосқан 152 спортшы қаржылай сыйлықпен марапатталды. Бокс бойынша әлем чемпионатының жүлдегері Ертуған Зейнулинов бұл марапат алдағы жетістіктерге ынталандыратынын айтты.

Үш жылдық үзілістен кейін қайта жаңғырған «Самғау» медиа-премиясы аймақтағы журналистиканы қолдаудың маңызды тетігіне айналды. Байқауға баспа және электронды БАҚ, телеарналар, цифрлық платформалар мен блогерлер қатысты. «Жылдың үздік журналисі» аталымын «Огни Алатау» газетінің тілшісі Жанар Мықтыбаева иеленді.

Сондай-ақ «Үздік дизайнер» аталымы Адина Байбакқа, «Жылдың үздік медиаменеджері» атағы «Өлке тынысы» компаниясының директоры Кәдірбек Құныпияұлына табысталды. Лауреаттар қатарында «Алатау Арайы» газеті, Alatau News сайты және «Жетісу» телеарнасы бар.

Жастарға арналған «Заңғар» сыйлығы 14 пен 35 жас аралығындағы белсенді азаматтарға берілді. Жеңімпаздарға дипломдар мен 500 мың теңгелік сертификаттар табыс етілді. «Үздік жас журналист» атанған Alataunews.kz агенттігінің тілшісі Балнұр Асанова бұл марапат жастарды қолдауға бағытталған саясаттың нәтижесі екенін атап өтті.

Бірлескен марапаттау рәсімі спорт, медиа және жастар саласындағы үздіктерге көрсетілген қолдаудың айқын көрінісі болды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Пусть Наурыз мейрамы принесет мир, добро и процветание каждой семье — Олжас Бектенов

Николай Иващенко
22.03.2026

Фото: turaninfo.kz

ОПМ «Мигрант» в транспортной полиции рассказали об итогах акции

Николай Иващенко
22.03.2026

Касым-Жомарт Токаев получает телеграммы поздравления с Наурызом от глав государств

Николай Иващенко
22.03.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев поздравил жителей региона с праздником Наурыз

Николай Иващенко
22.03.2026

Военные из Алматинской области прибыли на север Казахстана из-за угрозы паводка

Николай Иващенко
22.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz