Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында бизнеске заңсыз араласқан 16 лауазымды тұлға сотталды

Бұл туралы өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департамент басшысының орынбасары Нұрсұлтан Бекинов мәлімдеді.

24.11.2022
Жаңалықтар

Антикоррупциялық қызмет мемлекеттік органдардың шағын және орта бизнес қызметіне заңсыз араласу фактілерінің жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Осы бағытта департамент жыл басынан бері 39 фактінің жолын кесті. 23 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, 16-ы сотталды. Қабылданған шаралар 13-тен аса кәсіпкердің құқығын қорғауға мүмкіндік берді.

«Мәселен, биыл облыстық көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз қызметінің жолы кесілді. Олар жүйелі негізде жүк автокөлік құралдарының кедергісіз өтуі үшін кәсіпкерлерден 50-ден 200 мың теңгеге дейін ақша қаражатын бопсалаумен айналысқан.

Бұдан бөлек облыстық ТЖД бастығының орынбасары және Қонаев қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы әшкереленді. Олар алдын ала сөз байласу арқылы казино өкілінен 1000 АҚШ доллары сомасында жалпы қамқорлық үшін пара алды», − деді Нұрсұлтан Бекинов.

Айта кету керек, аймақта бизнесті қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы, салық саласы, мемлекеттік сатып алу және т.б. салаларда сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау және жою бойынша тиісті жол картасы іске асырылып жатыр.

Тегтер: жемқорлық

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz