Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта коммуналдық жағажайлар кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

Қонаев қаласы маңындағы Қапшағай су қоймасының жағажайлары жаңа маусымда демалушыларды қабылдауға толық дайын, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қазіргі таңда қала аумағында 6 коммуналдық жағажай жұмыс істейді (№1, 2, 3, 5, 6, 7). Олардың біреуі шағын көлемді кемелерге арналған айыппұл тұрағы ретінде пайдаланылмақ.

№5 жағажай өткен жылы толық абаттандырылып, пайдалануға берілді. Жоба екі кезеңде жүзеге асырылды. Алғашқы кезеңде 120 мың шаршы метр аумақ ретке келтіріліп, балалар және спорт алаңдары, ойын аймақтары, балалар бассейні, жарықтандыру бағаналары мен шағын сәулеттік нысандар орнатылды. Сонымен қатар инженерлік желілер тартылып, пирс, санитарлық тораптар, демалыс орындары (шатырлар мен шезлонгтар), сондай-ақ жағажай волейболына арналған алаң салынды.

Екінші кезеңде «Freedom Holding Corp.» акционерлік қоғамы 950 метр жағалау аумағын абаттандырды. Бұл жерде жаяу жүргіншілер жолы мен веложолдар, спорт алаңдары, арт-нысандар, әткеншектер мен субұрқақтар орнатылып, жағалау толықтай жарықтандырылды.

Қазіргі уақытта №6 және №7 жағажайларды жаңғырту жұмыстары басталған. Жоба аясында визит-орталық салу, 54 коммерциялық павильон (оның ішінде 2 инклюзивті нысан), 450 демалыс орны, 9 санитарлық торап, 5 құтқару бекеті және 17 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.

Жағажай аумағындағы коммерциялық нысандарды сенімгерлік басқаруға алған коммуналдық кәсіпорын арқылы жалға беру көзделген.

Қала әкімдігі жағажайларды абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатынын атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық жағажайлар кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026

Қонаевта 25 заңсыз жарнама алынып тасталды

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026

Алматы облысының оқушылары халықаралық ғылыми конкурста топ жарды

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026

Қазақстанда еңбек иммигранттарына рұқсат беру қызметі толық онлайн форматқа өтті

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026

Қазақстанда мектеп бітіру кештерін өткізу талаптары нақтыланды

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz