Жастар үш күнде Кеген ауданындағы Дінмұхаммед Қонаев атындағы мемориалдық мұражайға барды. Ауыл ақсақалдармен кездесіп, әңгіме дүкен құрды. Облыстың ең көрікті жерлерін аралады. Атап айтсақ, Көлсай көлдері, Қайыңды және Шарын шатқалы.
Іс-шара ҚР Мәжілісінің депутаты Вакил Набиев қатысқан республикалық жастар слетімен жалғасты.
«Алматы облысы — еліміздегі көпэтносты өңірлердің бірі. Облыста 100-ден астам этнос бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Өңірде 300 мыңға жуық жас бар. Мен жастардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік белсенді бөлігі санатына жататынына сенімдімін. Сіздер аймақтың тыныс-тіршілігіне белсенді араласа отырып, біз Жаңа Қазақстанды құрамыз. Бүгінде жастардың бойында жоғары азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді, қалыптастыру біздің басты міндет. Ал, «Ассамблея жастарының» мүшелері қойылған барлық міндеттердің орындалуына өз үлестерін қосады деп сеніммен айтамын», — деді Қонаев қаласының басшысының орынбасары Батыржан Құлаймергенұлы.
Жиында өзге де слет қатысушылар да сөз сөйлеп, қаланы дамытуда креативті идеялар платформасын құруды ұсынды.