Іс-шараға партия Хатшысы Ринат Кертаев, сондай-ақ, партияның аудандық филиалдарының атқарушы хатшылары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары және «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Партияның өңірлік филиалының атқарушы хатшысы Қуат Байғоджаев жиналғандарға филиалдың атқарған жұмыс нәтижелерін баяндады.
Оның айтуынша, жыл басынан бері партияның облыстық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 20 мыңға жуық арыз-шағым келіп түсіп, оның 12 мыңнан астамы оң шешімін тапты.
«Ел аумағында «AMANAT»-тың 800 мыңға жуық мүшесі бар. Алматы облысында бұл көрсеткіш 53 мыңнан асады. Бұл – халықтың бізге деген сенімі. Біз халықтың аманатын арқалаған партиямыз. Сондықтан қандай да бір мәселе туындаған кезде азаматтар әділет іздеп, біздің партияға келеді», – деді партия Хатшысы Ринат Кертаев.
«AMANAT»-тың өңірлік филиалының атқарушы хатшысы өз сөзінде партияның аймақтағы сайлауалды уәделерінің орындалу барысына тоқталды.
«Биыл өңірде 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Жуырда құс кешені іске қосылды. Бұл 400-ге жуық азаматқа жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді. 20 мектептің құрылысы жүргізіліп, 21 мектеп күрделі жөндеуден өтті», – деді Қуат Байғоджаев.
Сондай-ақ оның айтуынша, «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында келер жылы өңірдегі төрт ауданның кәсіпкерлеріне 7 млн 600 жүз мың теңгеге дейін, сондай-ақ жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызбен несие беріледі.
Айта кету керек, конференцияда ашық дауыс беру арқылы Қуат Байғоджаев «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.