«Бұл өте дәмді балық. Әсіресе, балық ағзасында адам денсаулығына аса пайдалы ингредиенттер мол. Мысалы: фосфор, йод, күкірт және А дәрімендері бар. Қазақстанда жылына шамамен 45000 тонна баррамунди балығы өсіріледі. Ал біз бір жылда қосымша 10 мың тонна балық өсірмекпіз, бұл бір жылда өндірілетін балықтың саны», — дейді өнеркәсіп мердігері Ильдар Зубанов
Аталған балық түрі тек Қазақстанда ғана емес, шетелге де экспортталады. Балық өнеркәсібі үшін аумағы 27 га жер телімі бөлінді. Кешен 2023 жылдың бірінші тоқсанында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.